Қазақстан
1 мин оқу 1,260

Мұнайлыда жаңа балабақша ашылды

<p style="text-align: justify;">Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылында көлемі 638 шаршы метрді құрайтын 125 орындық &laquo;Айжанай&raquo; жекеменшік балабақша ашылды.&nbsp;</p>

Бөбекжайдың құрылысы 2018 жылдың сәуір айында бастау алып, қазіргі таңда 35 адамды жұмыспен қамтып отыр. Былтыр Мұнайлы ауданында 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамтамасыз ету көрсеткіші 96,7 % жеткен болатын, яғни 270 бала кезекте тұрған.

Ал биыл жыл соңына дейін осы ауданда 1352 орынды құрайтын 15 жеке меншік балабақша бой көтереді деп жоспарланып отыр. Нәтижесінде 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер 100 % толық балабақшамен қамтамасыз етілмек.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы

Бөлісу:
Мұнайлыда жаңа балабақша ашылды · Egemen Qazaqstan