Жарнама
 
Жекпе-жек
1 мин оқу 864

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

<p style="text-align: justify;">21 наурызда &laquo;Алматы Арена&raquo; спорт кешенінде &laquo;Алаш Прайд&raquo; клубының мұрындық болуымен ережесіз жекпе-жектен ірі халықаралық турнир ұйымдастырылады.</p>

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

Әзірге Қазақстан жағынан осы жарысқа кімдердің қатысатыны белгілі. Олар – Ермек Тлауов, Асылжан Бақытжанұлы, Асау Алмабаев, Бақтияр Несіпбек, Евгений Егембердиев, Ғалымжан Қанаев, Артем Резников және тағы басқалары. Бұл жігіттердің барлығы да талай дүрмекте ысылған сақа спортшылар. Сондай-ақ, Қытайда туып-өсіп, әлемдегі ең белді ұйым – UFC-де күш сынасқан тұңғыш қандасымыз Жұмабек Тұрсын да осы кеште өз өнерін ортаға салады. Осы бәсекелер барысында екі бірдей алтын белбеу сарапқа салынады.

Алматыда өтетін жарысқа біз ережесіз жекпе-жек әлемінде зор беделі бар спортшыларды шақыртуды көздеп отырмыз. Қазіргі кезде сол саңлақтар және олардың промоутерлерімен келіссөздер жүргізілуде. Осы іс аяқталғаннан кейін Қазақстанға нақты кімдердің келетінін жариялаймыз. Бір анығы – біз сырттан тек мықтыларды ғана шақыртамыз. Және де осы жарысты тамашалауға құрметті қонақ ретінде осы спорт түрінің хас шебері Хабиб Нұрмағамбетов те келеді деп күтілуде, – дейді «Алаш Прайд» клубының президенті Данияр Қасқарауов.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»

Бөлісу:
Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді · Egemen Qazaqstan