Бокс
1 мин оқу 433

Венгрияда боксшыларымыз табысты өнер көрсетіп жатыр

<p style="text-align:justify">Бұл күндері Венгрияның Дебрецен қаласында бокстан Иштван Боскай турнирі өтуде. Осы жарысқа қатысып жатқан Қазақстанның сегіз боксшысының тек біреуі ғана ширек финалға дейін жете алмады.&nbsp;</p>

Венгрияда боксшыларымыз табысты өнер көрсетіп жатыр

Өкінішке қарай, аса ауыр салмақта күш сынасқан Нұрлан Сапарбай өзінің тұсаукескер кездесуінде хорватиялық Мирко Милунға ұтылып қалды. Ал қалған бәсекелердің нәтижелері мынадай: 

52 кило: Сәкен Бибосынов – Федерико Эмилио Серра (Италия) 5:0

56 кило: Оразбек Асылқұлов – Боршош Тамаш (Венгрия) 4:1

60 кило: Серік Теміржанов – Алексей Козелок (Украина) 4:1

69 кило: Ермахан Жәкпеков – Аттила Ванчзку (Венгрия) 5:0

75 кило: Тұрсынбай Құлахмет – Льюис Ричардсон (Англия) 5:0

81 кило: Михаил Коханчик – Мигель Куадрадо (Испания) 4:1

Ал 64 кило салмақ дәрежесінде күш сынасқан Сабыржан Бекбергенов жекпе-жекке шықпай-ақ келесі айналымға өтті. Ширек финалдық бәсекеде біздің жігіттер мына боксшылармен шеберлік байқасады:

Сәкен Бибосынов – Нонтасит Печнамтонг (Таиланд)

Оразбек Асылқұлов - Яодам Аммарит (Таиланд)

Серік Теміржанов – Шахриер Ахмедов (Ресей)

Сабыржан Бекбергенов – Дмитрий Галагот (Молдова)

Ермахан Жәкпеков – Клинсон Киттисак (Таиланд)

Тұрсынбай Құлахмет – Вадим Туков (Ресей)

Михаил Коханчик – Данило Жсан (Украина)

Естеріңізге сала кетейік, былтыр өткен осы турнирде Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс және 1 қола медальді иеленіп, командалық есепте бірінші орын алған болатын.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу: