Аймақтар
1 мин оқу 950

Шиелі тұрғындарын алаңдатқан мәселе шешілді

<p style="text-align: justify;">Шиеліде көпір мен айналма жол жөндеуден өтті. Жаңадан тартылған жол аудандағы уран өндіретін кәсіпорындарға қажетті химиялық қышқылдарды тасымалдау үшін керек болған.</p>

Шиелі тұрғындарын алаңдатқан мәселе шешілді

Қазақстанның экономикасы көтеріліп, әлемдегі іргелі мемлекеттермен бәсекелесу үшін қуатты кәсіпорындар керек. Бірақ өндіріс орындарының тоқ­таусыз жұмыс істеуіне қа­жет­ті химиялық зауыттардың эко­­логияға, адам денсаулығына зияны барын айт­пасқа болмайды. Мәселен, фосфор алу үшін қа­зылған ұңғыға сілті қышқылы құйылады. Осындай ұңғылардан шыққан суды мал ішіп, уланған оқиғалар бар.

Жаңа жол туралы ерекше­ ай­тып отырғанымыз, уран өн­діруге қажетті қауіпті қыш­қыл­дар­ды тасымалдаған көліктер Шие­лінің іргесіндегі Еңбекші ауы­лын жанай өтетін. Ауыл тұр­­ғындары ойқы-шойқы жолда күкірт тасымалдаған жүк ма­шина­ларының бірнеше рет ауда­рыл­ғандығын айтатын. Жа­рам­сыз жол экологиялық ахуалды шиеленістіріп жібергеннен кейін тұрғындар тиісті орындарға ша­ғым түсірген болатын. Шие­­­лі ауданының әкімі Әшім Ораз­­­­­бек­ұлы «Қазатомпром» АҚ­ басшы­лығына облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың арнайы шығып, жағ­дайды түсіндір­­­­геннен кейін осы мәселенің оң­тайлы ше­­шіл­гендігін айтады. Бүгін­де кү­кірт тасымалдаған ма­­­­­ши­­налар Еңбек­ші ауылының сыр­тымен өтеді.

Кешеге дейін химиялық заттарды сақтайтын қойма аудан орталығында болып келген. Ен­ді қойма тұрғындарға қауіпсіз жер­ге көшірілді. Көкшоқы елді мекеніндегі кәсіпорын да ин­дус­триялық аймақтан орнын тапты.

Осылайша, аудан халқын алаң­­датқан өндіріс орны тұрғын­дардың өтініші бойынша қауіпсіз ай­маққа көшіріліп, жұмысын бас­тап кетті. 

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы

Бөлісу:
Шиелі тұрғындарын алаңдатқан мәселе шешілді · Egemen Qazaqstan