Қазақстан
1 мин оқу 550
Аязға байланысты «Нұржол» желекжолында көлік тұрағы бүгін тегін болады
<p style="text-align:justify">Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты өзара көмек көрсету акциясы жалғасып жатыр. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.</p>

«8 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты «Нұржол» желекжолындағы тұрақ тегін болады» делінген «Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС-ның хабарламасында.
Белгілі болғандай, Елордада апта бойы қатты аяздың беті қайтпай тұр. Мектептерде сабақ тоқтатылып, кәсіпорын басшыларына қызметкерлерді жұмыстан ерте босату ұсынылды.
Бөлісу:

