Спорт
1 мин оқу 346

Қазақстанның хоккейшілері Мұрагер кубогын жеңіп алды

<p style="text-align: justify;">Шайбалы хоккейден Оңтүстік Кореяда өткен Мұрагер кубогы жолындағы жарыста Қазақстан құрамасы бас жүлдені жеңіп алды.&nbsp;</p>

Қазақстанның хоккейшілері Мұрагер кубогын жеңіп алды

Алғашқы ойында жерлестеріміз Жапонияны 5:2 есебімен жеңді. Бұл ойында Аркадий Шестаков, Иван Степаненко, Кирилл Савицкий, Кирилл Панюков және Антон Некряч гол соқты. Келесі кездесуде Оңтүстік Кореяның осал тұсын оңай таптық.  Есеп – 5:1. Бұл бәсекеде Антон Некряч,  Артем Лихотников, Дмитрий Быков және Еміл Нұрғалиев мергендік танытты.

Соңғы ойынды Қазақстан құрамасы Латвияға қарсы өткізеді. Шиеленісті бәсекенің негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталды. Біздің команда сапында  Аркадий Шестаков пен Никита Клещенко нысананы дәл көздеді. Овертаймда жерлестеріміздің бағы жанды. Есеп – 3:2.

Осылайша, сегіз ұпайға иелік еткен Қазақстанның хоккейшілері Мұрагер кубогын жеңіп алды.  

  Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

 «Egemen Qazaqstan»

Бөлісу:
Қазақстанның хоккейшілері Мұрагер кубогын жеңіп алды · Egemen Qazaqstan