Жаңалықтар
1 мин оқу 350
Ақсәуле Ерқасымова таэквондодан Президент кубогінде қола медаль жеңіп алды
<p style="text-align:justify">Таэквондодан Анталияда өтіп жатқан Президент кубогі рейтингілік турнирінде Қазақстан қоржыны тағы бір қоламен толықты деп хабарлайды Olympic.kz. </p>

Қыздар арасында 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ақсәуле Ерқасымова жарыстың қола жүлдегері атанды.
Ал бір күн бұрын жасөспірімдер командасы кубоктік додадан төрт медаль жеңіп алған болатын.
Тағы бір қазақстандық спортшы Жансель Дениз 5-орын иеленді.
Анталиядағы Президент кубогі турниріне 40-тан аса мемлекеттен 712 спортшы қатысып жатыр.
Бөлісу:
