Спорт
1 мин оқу 280

Украина Универсиадаға қатысудан бас тартты

<p style="text-align: justify;">Украинаның спортшылары келесі айда Ресейдің Красноярск қаласында алауы тұтанатын қысқы Дүниежүзілік Универсиадаға қатысудан бас тартып отыр.&nbsp;</p>

Украина Универсиадаға қатысудан бас тартты

Спортқа саясат араласқаннан кейін осындай келеңсіз жағдайлар ара-тұра болып тұрады. Міне, қазіргі кезде соның салқыны студенттер спортына да тиіп отыр. Биылғы Универисадаға қатысудан Украина үзілді-кесілді бас тартты. Шын мәнінде, бұл елдің өрендері өте күшті. Тәуелсіздікке қол жеткізген кезден бері украиналықтардың айтулы додадан бас жүлдесіз оралған кезі жоқ.

Алысқа бармай-ақ, соңғы бес жарысқа тоқталсақ та, көп нәрсеге қанық боламыз. Мәселен, 2009 жылы Қытайдың Харбин қаласында Украина құрамасы 1 алтын, 2 күміс және 4 қоланы иеленіп, жалпы командалық есепте 13 орынға табан тіреді. 2011 жылы Түркияның Эрзурумында 6 алтын, 5 күміс және 4 қоланы олжалап, үздік үштікті қорытындылады. 2013 жылы Италияның Трентиносында түрлі-түсті медальдардың әрқайсысын үш-үштен еншілеп, сегізінші сатыға жайғасты. 2015 жылы Испания мен Словакияда ұйымдастырылған байрақты бәсекеде 2 алтын, 1 күміс және 2 қоланы иемденіп, 13 орынды қанағат тұтты. Ал 2017 жылы Алматыда алауы тұтанған жарыста 2 алтын, 3 күміс және 4 қоланы қоржынға салып, озық он команданың қатарынан көрінген еді.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Бөлісу:
Украина Универсиадаға қатысудан бас тартты · Egemen Qazaqstan