Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымовтың есептік кездесуі басталды
<p> </p> <p style="text-align: justify;">2018 жылдың қорытындысы бойынша есептік кездесу «Түркістан» сарайында өтуде. Жиынға ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев, ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы Егемберді Ерғали, Шымкент қаласы мәслихатының депуттаттары, қала әкімінің орынбасарлары, басқармалардың басшылары, мемлекеттік қызметкерлер мен зиялы қауым өкілдері, жергілікті тұрғындар қатысуда.</p>

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов баяндамасында 2018 жылы қалада атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды. Әкімнің мәліметінше, үшінші мегаполисте бірқатар ірі нысандар қайта жаңғыртудан өтті. Оның ішінде қала экономикасы үшін маңызды 2 ірі жоба бар.
Біріншісі, Шымкент мұнай өңдеу зауыты жаңғыртудан өтіп, оған 580 млрд теңге инвестиция тартылды. Соның нәтижесінде жоғары октанды жанармай өндірісі жылына 881,7 мыңнан 2 271 мың тоннаға дейін, дизельді отын өндіру 1 209,4 мыңнан 1 916 мың тоннаға дейін, авиациялық отын көлемі 279,7 мыңнан 400 мың тоннаға дейін артады.
Екінші, қалада «Shymkent Temir» болат өндіру зауыты іске қосылды. Жобаның құны – 5,9 млрд теңге. Кәсіпорында 440 жаңа жұмыс орны ашылды.
- Шымкент қаласында 2018 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бюджетке түскен кіріс 2017 жылмен салыстырғанда 27 пайызға немесе 15,3 млрд теңгеге артып, 72,2 млрд теңгені құрады. 2019 жылы бюджеттің кіріс көлемін 11,6%-ға жоғарылатып, 92,4 млрд теңге болады деп жоспарлап отырмыз, - деді қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.
