Спорт
1 мин оқу 260

Тілекенова мен Абитова көркем гимнастикадан халықаралық сында жүлдегер атанды

<p style="text-align: justify;">16-18 ақпан аралығында Венгрия астанасы Будапештте көркем гимнастикадан халықаралық турнир өтті деп хабарлайды Olympic.kz.&nbsp;</p>

Тілекенова мен Абитова көркем гимнастикадан халықаралық сында жүлдегер атанды

Бұл сында Қазақстан атынан командалық есептегі Азия ойындарының чемпионы Адиля Тілекенова мен жасөспірімдер Олимпиадасының қатысушысы Роза Абитова өнер көрсетті. 

Ересектер арасындағы көпсайыста Тілекенова екінші орын иеленді. Ол ресейлік Анастасия Михайловаға ғана есе жіберді. 

Ал Роза Абитова жүлдеді үшінші орын иеленіп, үздіктер қатарынан көрінді. 

Еске сала кетейік, осы аралықта Мәскеуде өткен Гран-при кезеңінде Алина Әділханова 19-шы орын иеленді. Топтық жаттығуда Қазақстан құрамасы екі рет үздік бестікке енді. 

Бөлісу:
Тілекенова мен Абитова көркем гимнастикадан халықаралық сында жүлдегер атанды · Egemen Qazaqstan