Қазақстан
1 мин оқу 415

Бүгін елімізде тұман, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның барлық аумағында атмосфералық ауа ағымдардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы болады деп хабарлайды &laquo;Қазгидромет&raquo; РМК.&nbsp;</p>

Бүгін елімізде тұман, көктайғақ пен бұрқасын күтіледі

Осыған байланысты республиканың оңтүстігінің кей жерлерінде қатты жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ, бұрқасын  күтіледі, жел күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі, желдің екпіні түнде кей жерлерінде 25 м/с жетеді.

Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді.

Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, желдің күші 15-22, Шығыс Қазақстан облысында күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20, Түркістан облысында күндіз екпіні 25 м/с жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 17-22 м/с күшейеді. Алматы облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

Бөлісу: