Бақыт Сұлтанов тұрғындарды қоқысты сұрыптауға шақырды
<p style="text-align: justify;">Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов қоршаған ортаны қорғау саласындағы екі басымдықты атады. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. </p>

«Адамдар ауаны ластамау үшін көлікпен аз, жаяу көбірек жүруі керек», – деді әкім тұрғындарға есеп беру барысында. Б. Сұлтановтың айтуынша, Көктал-1, Көктал-2, Оңтүстік-Шығыс тұрғын үй алаптары мен Железнодорожный кентін газдандыру зиянды шығарындыларды қысқартуға едәуір мүмкіндік береді. «Біз қыстыгүні болатын тұмша туралы айтып отырмыз.
Қоқыс жөнінде: құрметті қалалықтар, сіздерден оны сұрыптап жинауды сұраймын. Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, бір тәулікте мыңнан астам тонна қоқыс шығарылады», – деді әкім. Ол, сонымен қатар, қала айналасында 10 млн ағаш өсіп тұрғанын, осы жылы тағы жарты миллион көшет отырғызылатынын мәлімдеді. Жыл соңына дейін бес гүл бағы пен екі желекжол салынбақ.
