Аймақтар
1 мин оқу 965

Атыраудағы «адалдық кафесі»

<p style="text-align: justify;">Атырау Сервис колледжінде &laquo;Смайлик&raquo; деп аталатын айрықша кафе ашылды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті өткізген &laquo;Адалдықпен қайырымдылыққа бір қадам&raquo; акциясы осындай бастамаға ұйытқы болды.</p>

Атыраудағы «адалдық кафесі»

«Адалдық кафесінің» жұмысы өзіне-өзі қызмет көрсету жүйесі бойынша ұйымдастырылған. «Мұнда оқытушылар мен студенттер өздеріне қажет тағамдарды алып, ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсетеді. Тағы бір ерекшелігі, барлық тағамды колледждегі аспазшы мамандығында оқитын студенттер дайындайды. Бұл студенттердің оқудан бөлек тәжірибелік дағдыларын дамытуға септігін тигізеді»,- дейді департаменттің баспасөз хатшысы Динара Лұқпанова.

Жастарды адалдыққа, қайырымдылыққа шақыратын жоба аясында түскен қаржы оқу орнында білім алып жатқан жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі студенттердің қажеттілігіне жұмсалады.

Бақытгүл БАБАШ,

«EgemenQazaqstan»

АТЫРАУ

Бөлісу:
Атыраудағы «адалдық кафесі» · Egemen Qazaqstan