Спорт
1 мин оқу 446
Алина Әділханова көркем гимнастикадан испаниядағы турнирге аттанды
<p style="text-align: justify;">Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының үздігі Алина Әділханова Гран-при додасына қатысу үшін Испанияға ұшып кетті деп хабарлайды Olympic.kz.<br /> </p>

Азия ойындарының чемпионы саналатын Әділханова үшін биылғы маусым Мәскеудегі Гран-при кезеңінде басталған. Сырқаттанып қалғанына байланысты толықтық спорттық бабына енбеген Алина Ресейдегі турнирді 19-шы орынмен аяқтады.
Енді Әділханованың алдындағы кезекті ірі жарыс – Испанияның Марбелья қаласында өтетін Гран-при кезеңі. Аталған сынға Қазақстан сапынан Алина Әділханова ғана қатысады.
Ал топтық жаттығудан Қазақстан құрамасы 16-17 науыз күндері Киевте өтетін Гран-при додасына дайындалуда.
Бөлісу:
