Аймақтар
1 мин оқу 1,110

Қазақстанда алғаш рет несие серіктестігіне «ААА» рейтингі берілді

<p style="text-align: justify;">Ел тарихында тұңғыш рет &laquo;Аграрлық несие корпорациясы&raquo; АҚ-ның уәкілетті органы &laquo;Целиноградское&raquo; несие серіктестігіне ААА рейтингін берді деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.&nbsp;</p>

Қазақстанда алғаш рет несие серіктестігіне «ААА» рейтингі берілді

ААА-ның ең жоғарғы рейтингі мерзімінен шыққан сыртқы және ішкі міндеттемелері болмағанда, жеке капиталының жылдық өсімі 7%-дан кем болмағанда және соңғы 3 жылда қарыз портфелі 5%-дан кем болмағанда беріледі.

 «ААА» рейтингі ақырғы займ алушыларды өз бетінше қаржыландыру және несие желісінің мөлшерімен ғана шектелген несиеден кейінгі қызмет көрсету, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесін 1 пайызға төмендету, жылжымайтын мүлік түрінде кепілдікті қамтамасыз ету бойынша өтімділік коэффициентін 0,1-ге арттыру құқығын береді.

Сертификатты табыстау барысында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасы Нармұхан Сарыбаев қаржылық институт ретінде кредиттік серіктестік мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда және ауылдық бизнесті дамытуда тиімділігін бірнеше рет дәлелдегенін атап өтті.

Целиноград ауданының әкімі Малғаджар Таткеев ауданның дамуына қосқан үлесі үшін несиелік серіктестіктің басшылығы мен қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Целиноградское» несиелік серіктестігі 2004 жылдан бері жұмыс істеп келеді, бүгінгі таңда серіктестікте 59 қатысушы бар. Несиелік лимит 6,5 миллиард теңгеден асады.

Бөлісу: