Жарнама
 
Әлем
1 мин оқу 1,220

Қазақстан әдебиеті және мәдениетінің отызыншы орталығы ашылды

<p style="text-align: justify;">Таяуда Ресейдегі Алтай Республикасының Таулы Алтай қаласындағы М.Шевалков атындағы ұлттық кітапханада Қазақстан әдебиеті және мәдениеті орталығы ашылды.</p>

Қазақстан әдебиеті және мәдениетінің отызыншы орталығы ашылды

Аталған жобада кітапханалық және ақпараттық қызметтер, электронды ресурстар мен цифрлы кітапхананы да­мыту, қолжазба құжаттарын цифрлау, ресурстармен алмастыру, маман­дан­дырылған сала­лар­ды қалпына кел­тіру, сатып алу, каталогтау, сақтау және қалпына кел­ті­ру бары­сында тәжіри­бе­лер алма­са­ды. Қол­жазбаларды, баспа және әде­би­ет емес ақпарат көздерін және жаңа басы­лым­дар­дың қолжетімді материал­дарын қоса алғанда, кітапхана ресурстарының тізімін алмастыруға жағдай жасалады.

Халықаралық жобаның мақсаты – қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрлерін, эконо­ми­каның қазіргі заманғы мемлекетінің жетіс­тіктерін, сая­­сатты, әлеуметтік сала­ны, клас­си­калық және заманауи проза мен поэзияның әдеби байлығын дамыту. 

Орталықта Қазақстан Республи­ка­­сы­ның Президенті Н.Назарбаевтың қыз­меті туралы, оның халықаралық саяси аренадағы рөлі, сондай-ақ белгілі қазақ жазушыларының қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі еңбектері туралы баяндалады. Барлығы 200-ден астам кітап кітапханаға сыйға тартылды. Әрине бұл кітаптар оқырмандардың қызығушылығын тудырады және қазақ халқының мәдени құндылықтарына жа­қын­дауына септеседі.

2016 жылдан бастап Қазақстан Респуб­ликасының Ұлттық академия­лық кітапханасы шетелдердің ұлттық кітап­ха­­наларында қазақ әдебиеті орталық­­тарының ашылуына арналған халық­аралық жобаны жүзеге асыруда. 

Бүгінге дейін әлемнің 29 елінде, атап айтқанда Корея, Қырғыз Республикасы, Финляндия, Венгрия, Ресей Федера­ция­сы, Армения, Малайзия, Түркия, Қытай Халық Республикасы, Грузия, Франция, Жапония, Швеция, Маке­до­ния, Болгария, Чехия, Италия, АҚШ (Нью-Йорк көп­ші­лік кітапханасы және Конгресс кітап­ха­насы), Румыния, Иран, Аргентина, Бразилия, Удмуртия, Герма­ния, Испания кітапханаларында орта­лықтар ашылып, жұмыс істей бас­та­ды.

Әсем САҒИҚЫЗЫ

Бөлісу: