Қазақстан
1 мин оқу 1,570

Қоқыстан балама отынға дейін

<p style="text-align: justify;">Назарбаев Университе&shy;ттің ғалымдары елордада тұрмыс&shy;тық қатты қалдық&shy;&shy;тардың 30%-ын қайта өңдеуге және 10%-ын қаланың энерге&shy;ти&shy;ка&shy;&shy;лық қажеттіліктері үшін оты&shy;н ретінде қолдануға бо&shy;&shy;&shy;ла&shy;&shy;тындығын анықтады.&nbsp;&nbsp;</p>

Қоқыстан балама отынға дейін

Зерт­теу тобы мұндай дерек­­­терді Астана полигонын­да тұр­мыс­тық қатты қалдықтар­дан энер­гетикалық отын алу мүм­­кін­дігін іздеу барысында ал­ды.

«Біздің күнделікті шы­ға­ра­­­тын тұрмыстық қатты қалдық­­тар­ды жартылай кәде­ге жарату және оны қаланың коммунал­дық қажеттілігіне қолдану жолдарын көру – жобаның негізгі идеясы. Егер нақтырақ айтатын болсақ, мұны жылу беру маусымы кезінде жылу энергиясын өндіру үшін пайдалануға бола­тынын көрсеткіміз келеді», деді жоба жетекшісі, PhD Ербол Сарбасов.

Тәжірибе барысында жану параметрлерін зерттеу үшін өңделген отынның үлгілері жал­­­ған сұйықталған қабат қон­дырғысында көмірмен және кө­мірсіз жағылды. 

Құрамында National Laboratory Astana жасыл энер­ге­тика және қоршаған ор­таны қорғау зертханасы мен Ин­­женерия мек­тебінің қыз­мет­керлері бар Назарбаев Уни­верситеттің зерттеу то­бы ТҚҚ-­ның құрғақ жан­ғыш қал­дық­тарын екі түрлі тәсілмен кәдеге жаратуға бо­ла­тындығы туралы қоры­­тын­ды жасады. Бұл – синте­ти­калық газды алу үшін пиролиз тәсілі арқылы немесе қайнау қа­баты бар оттықта бірге жағу ар­қылы кәде­ге жарату. Екінші әдіс, Ас­тана қаласының шағын аудандық қазандықтарында қол­дану үшін тиімдірек болады.

Ғалымдар қоқыстың құ­ра­­мы шығарылатын айма­ғы­на бай­ланысты өзгеріп оты­ра­­тынын байқады. Олар Аста­на­дағы қатты қал­дық­тар­ды жою қаланың эколо­гия­лы­қ­ жағ­­­­­­­­­дайына оң әсерін ти­гі­­­зе­тін­дігіне, сондай-ақ оны кө­муге ар­налған сани­тар­лық по­ли­гон­дардың қыз­мет ету мер­зі­мін ұзартуға көмек­те­сетініне се­німді.

«Егемен-ақпарат»

Бөлісу:
Қоқыстан балама отынға дейін · Egemen Qazaqstan