Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин орынбасарларын қабылдады
<p style="text-align:justify">Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин 5 наурыз күні орынбасарлары Олжас Смағұлов, Марат Тоқжанов, Қайрат Бекеновтің, сонымен қатар, олар жетекшілік ететін басқарма басшыларының 2018 жылдың қорытындысы бойынша жұмыстар мен алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы есептерін тыңдады. </p>

Обыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамикасын атап өтті.
Есептердің қорытындысы бойынша, Оңдасын Оразалин Елбасы қойған барлық тапсырмалардың тиімді жүзеге асырылуына байланысты, соның ішінде экономиканы әрі қарай дамыту, халықтың әл-ауқатын жақсарту, бюджет қаражатын үнемдеу, мемлекеттік бағдарламалар мен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.
