Аймақтар
1 мин оқу 1,210

Астанада Халықаралық әйелдер күні қалай тойланады

<p style="text-align: justify;">8 Наурыз &ndash; Халықаралық әйелдер күніне санаулы күндер қалды.&nbsp;Мерекеге орай елордалық мәдениет мекемелері түрлі көңіл көтеру бағдарламаларын дайындады.&nbsp;Әр түрлі талғамда ұйымдастырылатын шаралар әйелдер үшін жақсы сый болмақ. Назарларыңызға алдағы мерекелік шаралар туралы ақпаратты ұсынамыз, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.</p>

Астанада Халықаралық әйелдер күні қалай тойланады

Тәуелсіздік сарайы:

8-30 наурыз аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін «Гүлдің нәрі» көрмесі ашылды.

№ 4 Балалар кітапханасы:

8-10 наурыз «Прекрасных женщин имена» көрме-галереясы ұйымдастырылды.

№ 3 Балалар кітапханасы:

8-10 наурыз «Айналайын, ақ мамам! Мамина улыбка!» шарасы

Мичурино кентіндегі көпшілік кітапханасы:

8 наурызға орай 8-10 наурыз «Көктем –ана, қыздар - гүл» қолданбалы өнер көрмесі өтеді.

«Жастар» сарайы:

6 наурызда сағат 18.30-да «Астана» ЭСО биг-бэндінің «Джаз-Любовь-Весна» концерті өтеді.

10 наурыз «Весенняя капель» балдық билер жарысы өтеді.

«Астана» концерт залы:

6 наурыз күні сағат 19:00-де «О чем поют мужчины» концерті  ұйымдастырылады;

16 наурыз сағат 19:00-де ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова қала тұрғындары мен қонақтарына «Жан ана» атты концертіне шақырады.

Қ. Қуанышбаев атындағы театры:

6 наурыз күні қала тұрғындары мен қонақтарын «Қалам мен бесік тербеген» әдеби-шығармашылық кешіне шақырады.

Сәкен Сейфуллин музейі, «Бәйтерек» монументі және Алжир музейі:

6 наурызда сағат 10:00-18:00 аралығында тұрмысы төмен отбасылар мен көпбалалы аналарды ашық есік күніне шақырады.

«Қазақстан» ОКЗ :

7 наурызда сағат 17:00-де Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлемнің жарығы» мерекелік концерті өтеді.

Мереке күндері қаладағы театрлар өздерінің ең үздік қойылымдарын көрермен назарына ұсынады.

Бөлісу:
Астанада Халықаралық әйелдер күні қалай тойланады · Egemen Qazaqstan