Аймақтар
1 мин оқу 1,007

8 наурызда Астанада ауа райы қандай болады

<p style="text-align:justify">Мереке күндері бұлтты ауа райы сақталып, аздап қар жауады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.</p>

8 наурызда Астанада ауа райы  қандай болады

«Қазгидрометтің» хабарлауынша 7 наурызда құбылмалы ауа райы сақталып, таңертең және күндіз қар жауады, көктайғақ, сырма жүреді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 9-14, кей кезде 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -4-6°С, күндіз -1+1°С құрайды.

8 наурызда көшпелі бұлт шығады, аздап қар жауады, жауын-шашынды болады. Солтүстік-батыстан жылдамдығы 9-14 м/с дейін жететін жел соғады. Ауа температурасы түнде -8-10°С, күндіз -3-5°С құрайды.

9 наурызда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с құрайды. Сынап бағанасы түнде -12-14°С, күндіз -3-5°С көрсетеді.

Бөлісу:
8 наурызда Астанада ауа райы қандай болады · Egemen Qazaqstan