Қазақстан
1 мин оқу 1,280

Жауынгерлік өнер бір тудың астында

<p style="text-align: justify;">Қарағандыда &laquo;Қазақстан жауынгерлік өнері қауымдастығының&raquo; облыстық филиалы дүниеге келді. Жаңа ұйымға спорт саласының облысқа танымал қайраткері Ерден Халилин басшылық жасайтын болады.</p>

Жауынгерлік өнер бір тудың астында

Бұл туралы облыстық дене шы­нық­тыру және спорт бас­қар­масының басшысы Дмитрий Карпов мәлімдеді.

Ерден Халилин Қарағандыдағы Әлия Молдағұлова атындағы олим­пия­лық резервтің облыстық маман­дан­дырылған мектеп-интернат кол­леджінің директоры болып қызмет етеді. Ол – самбодан Әлем ку­бо­гы­ның қола жүлдегері, Қазақ­стан Республикасының Құрметті спорт қайраткері, еңбек сіңірген жат­тықтырушы.

– Жауынгерлік жекпе-жек түр­лерін дамыту үшін бірігу – өте жақсы идея. Бұл өзінің жемісін береді және осы саладағы көптеген мәселенің шешімін табуға игі ықпалын тигізеді деп ойлаймын, – деді жаңа басшыны таныстыру кезінде Д.Карпов.

Еске салсақ, «Қазақстан жауын­гер­лік өне­рі қауымдастығы» өткен жылдың қа­ра­ша айын­да құрылған болатын. Каратэ, жек­пе-жек, ММА аралас жекпе-жегі және қоян-қолтық ұрыс түрлері бойынша жұмыс істей­тін жаңа спорттық ұйымға ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов жетекшілік етеді.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Egemen Qazaqstan»

ҚАРАҒАНДЫ

Бөлісу:
Жауынгерлік өнер бір тудың астында · Egemen Qazaqstan