Мүмкіндігі шектеулі әйелдер зияткерлік турнирде жарысқа түсті
<p style="text-align: justify;">Астанада тірек-қимыл аппараты, көру және есту қабілеті зақымданған мүгедек әйелдер арасында дойбы, шахмат және тоғызқұмалықтан үшкүндік турнир аяқталды. Жарысқа елуден астам адам қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.</p>

Турнирдің ашылу салтанаты «Шарапат» медицина-әлеуметтік мекемесінде өтті.
«Баршаңызды Алғыс айту күнімен және келе жатқан 8 наурыз мейрамымен құттықтаймын. Спорт адамды шыңдайтынын біз жақсы білеміз. Жастарға үлгі көрсетіп жүргендеріңізге алғыс білдіремін, жарыста жеңіс тілеймін» - деп құттықтады балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедектігі бар спортшыларға арналған спорт мектебі директорының орынбасары Мұрат Ибеков.
Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
