Аймақтар
2 мин оқу 1,023

Жас саяхатшылар бас қосты

<p style="text-align: justify;">Елбасының Жарлығымен биылғы жылдың &laquo;Жастар жылы&raquo; деп жарияланғаны белгілі. Туризм саласындағы жастардың үлесін арттыру мақсатында Жамбыл облыстық туризм басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласында алғаш рет &laquo;Тараз жеріне тағзым&raquo; атты жас туристер фестивалі өтті. Үш күнге созылған туризм фестиваліне Жамбыл, Алматы және Түркістан облыстарынан, сондай-ақ&nbsp; Алматы, Шымкент қалаларынан 14-18 жас аралығындағы 800-ге жуық оқушы қатысты.</p>

Жас саяхатшылар бас қосты

Фестивальдің алғашқы күні келушілерге арнайы экскур­сиялық тур ұйым­дастырылды. Аталған шара облыс орталы­ғындағы «Көне Тараз» тари­хи-мәдени кешенінен бастау алып, қатысушылар екі мың жылдық тарихы бар көне Тараз қаласының тарихымен таныс­ты. Бұдан кейін Әулиеата же­ріне арнайы келген озат оқу­­шылар саяхат барысын­да Қарахан, Тектұрмас, Дәуіт­бек кесенелерімен қатар, «Қа­зақ хандығына 550 жыл» ескерт­­кішімен және қайта жаңғырған «Жеңіс» саябағында да болды. Фестивальдің бір ерекшелігі, оқ­у­шылар үшін әр нысан ба­сында викториналық ойын­дар ұйымдастырылып, жеңім­паздарға арнайы сый­лықтар табысталды.

Ал, «Тараз жеріне тағзым» жастар фестивалінің үшінші кү­ні «Достық» үйіндегі ғы­лы­ми-тәжірибелік конференция­мен жалғасты. Мұнда тарихшылар мен туристік компания өкілдері қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап берді. Сонымен қатар жас­тар туризмін дамыту мәселелері жөнінде де сөз болды.

Фестивальдің қорытынды бөлімінде оқушылар арасын­да сурет және қолөнер жұмыс­та­рының көрмесі ұйым­дас­тырылып, «Жас суретші», «Жас ұста» сайыстарының да қо­ры­тындысы шығарылды. Же­ңімпаздар арнайы диплом мен бағалы сыйлықтарға ие болды. «Шараның мақсаты – Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жа­рия­ла­уы­на орай, алдымен туризм саласындағы жас­тар­дың үле­сін арттыру. Жас­тар ту­ризмін дамыту және олар­ға елі­міз бен өңірдің бұл сала­дағы әлеуетін таныту әрі ақ­парат­тандыру. Балалар мен жас­­тардың патриоттық сезімін тәр­биелеу. Сонымен қатар ту­ристік-өлкетану жұмыстарын жан­дандыру арқылы саламатты өмір салтын насихаттау», дейді Жамбыл облыстық туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова.

Хамит ЕСАМАН, 

«Egemen Qazagstan»

Жамбыл облысы

Бөлісу:
Жас саяхатшылар бас қосты · Egemen Qazaqstan