Өнер
2 мин оқу 2,380

Аңызға айналған ансамбль

<p style="text-align: justify;">Бірнеше буынның жастық шағын көз алдыңа әкелетін әйгілі &laquo;Айгүл&raquo; ансамблінің құрылғанына да жарты ғасыр өтіпті. Өзбекәлі Жәнібековтің өзі &laquo;Айдай жарқырап, гүлдей жайнаса, нұр үстіне нұр болмас па?&raquo; деп, &laquo;Айгүл&raquo; атауын берген өнер ұжымының кешегі бойжеткендері бүгінде аяу&shy;лы әже, ел аналарына айналған.&nbsp;</p>

Аңызға айналған ансамбль

Осылайша, 50 жылда ел жа­ңарып жатса да, Қазақ ұлт­тық қыздар педагогикалық универ­ситеті де сол үрдісті бұзбай, ке­шегі «ЖенПИ»-дің аты аңызға ай­налған ансамблінің өнерін жалғастырып келеді. Ал осы аптада Алматының айшықты оқиғасы – «Айгүл» вокалды-аспаптар ан­сам­блінің 50 жылдығына арнал­ған «Аңызға айналған «Айгүл» ат­ты шығармашылық кеш бол­ды. Абай атындағы Қазақ мем­лекеттік академиялық опера жә­не балет театрында өткен кон­­цертте ансамбльдің бірнеше буы­ны қатар өнер көрсетіп, әке-ше­шелерімізді жастық шағына саяхат жасатты.

Кеш шымылдығы «Аңызға айналған «Айгүл» атты театр­лан­дырылған қойылыммен ашыл­ды. Онда жарты ғасырлық тарихы бар өнер ұжымының құ­рылу тарихы, даму кезеңдері жә­не шығармашылығы салтанат құрды. Қойылым режиссері Медет Ағабыловтың айтуын­ша, қойылым барысында отан­дық эстрадада тек қана қыз­дар­дан құралған алғашқы ан­сам­бльдің ерекшелігі мен өрне­гіне басымдық берілді. Ал ме­рейтойлық кештің ресми бө­лі­­мінде Мәдениет және спорт ми­­нистрі Арыстанбек Мұха­ме­диұлы мен Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің өнер ұжымының мерейтойына жол­даған құттықтаулары оқылды.

«Оқу орнының студенттерінен құралған «Айгүл» вокалды-ас­паптар ансамблінің құрылуы қа­зақ өнерінің тарихындағы айтулы оқиға болғандығы белгілі. Ансамбль әлемнің көптеген мем­лекетінде өнер көрсетіп, еліміздің мәдениетінің танылуына және дамуына елеулі үлес қосты. Қазақ эстрадасында тек қыздардан құ­ралған алғашқы ұжымға әр жылдары мәдениет саласының майталмандары жетекшілік жасап, оның шығармашылығының өрістеуіне ұйытқы болды»  дей­ді Қыздар ұлттық университетінің рек­торы Гауһар Алдамбергенова.

Осы арада айта кететін бол­сақ «Айгүл» квартетінде алға­шында Ағайша Исағұлова, Құр­­манай Омарова, Марфуға Жүнісова, Гүлнар Бегалиева, Ди­на Ерғалиева, Жібек Оспа­нова өнер көрсетсе, вокалды-ас­паптық ансамблінде Сақып­жа­мал Ұзақбаева, Меңсұлу Жек­сембекова, Ақмарал Арты­қова, Зәуреш Әлібекова, Гүл­зада Бех­теолова, Әйгерім Дайыр­бае­ва, Қарлығаш Нұртазина, Ро­за Ерназарова-Алисова, Га­лина Қарамолдаева, Ұлжан Ай­нақұлова, Тамара Асар және Кәмшат Жолдыбаева сынды да­рындар болғанын атау парыз.

Қазіргі күнде «Айгүл» вокалды-аспаптар ансамблінің құрамы қайта жаңартылып, репертуары жаңа әндермен толықтырылған. Ұлттық сарынды сақтай отырып, заманға лайық+ дүние жасау – бүгінгі айгүлдіктердің басты мақсаты. Жаңа құрам екі жыл ішінде қазақ, түрік, ағылшын тілдеріндегі жаңа әндерді репертуарына енгізді. Ансамбльдің қазіргі көркемдік жетекшісі Тал­ғат Темірғалиев екенін да айта кетейік.

Әсем әуен, сахнадағы нәзік­тігімен танылған «Айгүл» ан­самблі жастарды өнерге, жан-жақтылыққа, сұлулыққа, музыканы сүюге тәрбиелейтіні сөзсіз. 

Айнаш ЕСАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ

Бөлісу: