Аймақтар
1 мин оқу 993

Жайықтағы жағдай қалыпты

<p style="text-align: justify;">Атыраудағы Жайық өзенінде балық қырылып жат&shy;қаны туралы алғашқы дерек өткен жылдың 2 жел&shy;тоқсанында белгілі болды. Жағдай 9 желтоқсанға дейін жалғасқан. Қазір мұндай факті анықталып отырған жоқ.&nbsp;</p>

Жайықтағы жағдай қалыпты

Мамандардың айтуынша, тек мұз еріп, өлі балықтар су бетіне қалқып шығып жатыр. Бұл жағдай жергілікті тұрғындарды алаңдатпай қоймады. Жағдайға бейжай қарамаған атыраулықтар өткен жексенбіде өзен жа­­ға­лауына шығып, тазар­­ту жұмыстарына қа­тыс­ты. Ал­дағы аптада тағы да қа­ла­лық сенбілік ұйым­дас­тырылады. 

Жайық суы қаншалықты қа­уіп­сіз? Күн сайын дерлік өзеннен сараптама алып отырған Ұлттық сынама ор­­талығының мамандары алаң­дауға негіз жоқ дейді. Аты­рау облыстық әкім­дігінде Орталық ком­муни­кациялар қыз­метінің бри­­фингіне қатыс­қан Қауіпсіздік Кеңе­сінің Эко­логиялық қауіп­­сіздік мәсе­лелері жөнін­дегі ве­домство­аралық комис­сия­сының мү­шелері де осы пікірді қуат­тады. 

Комиссия Жайыққа ба­рып, теп­лоходпен өзен бойын жүріп өтті. Жа­йық маңындағы Жам­был ауы­лының тұсында 3 метр те­реңдікте сүңгуірлер көмегі­мен Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, Эко­логия департа­менті және «Қаз­­гидромет» ӨММ қыз­мет­­кер­лері химиялық су сы­на­­ма­ларын алды. Сүң­гуір­­лердің айтуынша, өзен түбінде өлі балық табыл­­ма­ған. «Аман­гелді» ба­лық ша­­руа­­­шы­лығы коопе­ра­ти­ві­нің ба­лық аулау ау­мағы да ко­мис­сия назарынан тыс қалмады. 

– Дәл қазір бір аулағанда шамамен 200 келі балық ауланды. Оның 3,5 келісі өлі балықтар. Өлген балықтар қаң­қасы мұзда қатып қалғандықтан еріп, су бетіне қалқып шығып жатыр. Қазір балықтың аз болатын кезеңі. Күн жылына сәуір айынан бастап уылдырық шашып, жылдағы үрдіспен балық көзі көбейеді, – дейді «Амангелді» кооперативінің қызметкері Өтеген Бисалиев. 

Бақытгүл БАБАШ, 

«Egemen Qazaqstan» 

Бөлісу: