Жаңалықтар
1 мин оқу 960
Сергей Ткаченко шаңғымен секіруден әлем кубогінде 41-ші нәтиже көрсетті
<p style="text-align: justify;">Норвегияның Тронхейм қаласында шаңғымен секіруден әлем кубогі кезеңі өтуде деп хабарлайды Olympic.kz. </p>

Аталған сынға Қазақстан атынан екі спортшы қатысты. Олар - Сергей Ткаченко мен Сабыржан Мүмінов.
Іріктеу қорытындысы бойынша жарыстың негізгі бөлігіне Ткаченко ғана жолдама алған. Жалпы есепте ол 41-ші орынға тұрақтады. Ал Мүмінов жарысты 61-ші орынмен аяқтады.
«Қанатты» шаңғышылар сынында жапондық Рею Кобаяси жеңімпаз атанды. Екінші орында норвегиялық Андреас Стьернен, үшінші сатыда австриялық Стефан Крафт.
Бөлісу:
