Қазақстан
2 мин оқу 2,000

«Халыққа көмек» бірқатар мәселені шешеді

<p style="text-align: justify;">&laquo;Халыққа көмек&raquo; жобасы басталды. &laquo;Nur Otan&raquo; партиясының Бірыңғай әлеуметтік терезе концепциясы аясында қолға алынған бұл бастаманы Мемлекет басшысы партияның XVIII съезінде ұсынған болатын.&nbsp;</p> <p style="text-align: justify;">&nbsp;</p>

«Халыққа көмек» бірқатар мәселені шешеді

«Nur Otan» партиясы Төра­ға­сының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев жоба аясын­да қоғамдағы өзекті мәселе­лерді дер кезінде әрі тиімді ше­шу үшін қоғамдық қабылдау бөл­ме­лері «жедел әрі бір жерде» қа­ғидасымен жұмыс істейті­нін жеткізді. «Жобаны жүзеге асыру мақсатында тек ірі қала­лар­дағы ғана емес, барлық филиал­дарымыздағы қоғамдық қабылдау бөлмелерінің әлеуетін толық пайдаланамыз. Өйткені біздің басты міндетіміз – халықтың мәселесін тиімді шешіп беру», деді ол. 

Партиялық жобаның басты мақсаты – азаматтардың өзекті мәселелерін жедел шешу және әлеуметтік жоспардың өткір әлеу­меттік проблемаларына көмек көрсету. М.Әшімбаевтың айтуынша, «Халыққа көмек» партиялық жо­басы арқылы қоғамдық қа­былдау бөлмелері Елбасының әлеуметтік салаға қатысты тапсырмаларын орындау барысында мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың жә­не бизнес қауымдастықтың қыз­меттерін үйлестіруші рөлді атқа­рады. 

«Nur Otan» партиясы Рес­пуб­­ликалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы Бақыт Темі­рова жобаны іске асыру те­тік­теріне тоқталды. Бұл тұрғыда азамат­тар өздерін мазалаған сұрақтар мен мәселелерін кез келген партия филиалдары, онлайн түрде, яғни партияның www.nurotan.kz 

ресми сайты, 109 iKomek ор­та­лығы, партияның әлеуметтік же­лілердегі ресми парақшалары, пар­тияның 88000804441 Call Center-і, 87008004441 нөміріндегі WhatsApp желісі арқылы өтініш беріп, көмек ала алады. 

Б.Темірованың мәлімдеуінше, аталған жоба туралы съезде сөз болғаннан кейін 3216 азамат қо­ғам­дық қабылдау бөлмелеріне өтініш беріп үлгерген. Оның 1075-і тұрғын үймен қамтамасыз ету, 233-і жұмыспен қамту, 86-сы ба­лаларды оқыту, 57-сі балаларды емдеу және 58-і мүгедектерді оңалту мәселелерімен хабар­лас­қан.

 «Nur Otan» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақыт Сапаров жоба аясында халықтың мәселелерін шешуде әлеуметтік желіні тиімді пайдалануға ша­қыр­ды. «Азаматтар көкейдегі сауал­дарын, мәселен, еңбекақы, али­менттің төленбеуін немесе тиіс­ті көмек, анықтамалардың беріл­мей жатқанын әлеуметтік желі­дегі парақшаларында жазса, өті­ніштер негізінде заңға сәйкес әр мәселенің шешімін табуға тыры­самыз. Бұл біздің әлеуметтік же­лі­лердегі белсенділіктің бір бағыты болады», деді ол.

Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ,

«Egemen Qazaqstan»

Бөлісу: