Қазақстан
1 мин оқу 1,154

Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

<p style="text-align:justify">Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып Мырзалиев Мейіржан Иябайұлы тағайындалды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.</p>

Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Мейіржан Иябайұлы 1980 жылы туылған. Қазақ Мемлекеттік Заң Университетінде 1998-2002 жылдар аралығында заңгер мамандығы бойынша, сондай-ақ, 2005-2006 жылдар аралығында Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінде экономист мамандығы бойынша,  2010-2011 жылдары Президент жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында білім алған. Сондай-ақ Дьюк Университетінде 2014-2016 жылдары халықаралық саясат факультетінің магистратурасын тәмамдаған.

2003-2005 жылдары Құрылыс басқармасының бас маманы;

2005-2007 жылдары Заң және әкімшілік бөлімінің бастығы;

2008-2009 жылдары Индустриалдық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы;

2009-2011 жылдары Бизнес-орта және инновация секторының меңгерушісі;

2011-2013 жылдары Мемлекеттік реттеу секторының меңгерушісі;

2016 жылы Премьер-Министрдің бірінші орынбасарының кеңесшісі;

2017 жылы Премьер-Министрдің кеңесшісі;

2017 жылдың қаңтар айынан бастап облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді.

Бөлісу:
Түркістан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды · Egemen Qazaqstan