Қазақстан
1 мин оқу 1,521
ШҚО: Жарма ауданында 400 оқушы «Қара жорға» биледі
<p style="text-align: justify;">Жарма ауданының орталығы – Қалбатау ауылындағы «Георгиевка орта мектебі» 5-11 сыныптарының ұзын саны 400 оқушысы Ұлыстың ұлы күні қарсаңында білім ордасы ауласында «Қара жорға» биін биледі.</p>

«Биыл Наурыз мерекесін осылай ерекше атап өтуді жөн көрдік. Мектепте өткен мерекелік шараны «Қара жорға» биімен аштық. Сонымен қатар арулар сайысын өткіздік. Оқушылардың ата-аналары, мұғалімдеріміз әсіресе «Қара жорға» биін ерекше ықыласпен қабылдады»,- дейді мектеп оқушыларының биіне жетекшілік еткен, осы білім ордасының мұғалімі Мәдина Жұмағали.
Азамат ҚАСЫМ,
«Egemen Qazaqstan»
Шығыс Қазақстан облысы,
Жарма ауданы
Бөлісу:
