Н.Назарбаев пен Қ.Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
<p style="text-align: justify;">Әңгімелесу барысында Владимир Путин екі жақты одақтастық қарым-қатынастарды дамытуға зор еңбек сіңіргені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіріп, оның Еуразиялық интеграция жобасын іске асырудағы тарихи рөлін атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі xабарлады.</p>

Ресей Президенті Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Еуразия экономикалық одағы аясындағы ынтымақтастықты нығайту үдерістеріне белсенді атсалыса беретініне сенім білдірді.
Сонымен қатар, Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Мемлекет басшысы лауазымына кірісуімен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі.
Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресейдің барлық саладағы сындарлы ынтымақтастығын одан әрі ілгерілету үшін тығыз ықпалдастықта болуға, сондай-ақ күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелерді шешу жолында бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты.
Сондай-ақ, Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты жақын арада Ресей Федерациясына сапармен келуге шақырды.
