Жаңалықтар
1 мин оқу 1,040

Батырдың есімі ұлықталды

<p style="text-align:justify">Ел газеті &laquo;Egemen Qazaqstan&raquo; газетінің 2017 жылғы 11 шілдедегі санында белгілі журналист Сағидолла Сиқымбайұлының аттары аңызға айналған 28 панфиловшы&shy;ның бірі, Кеңес Одағының Батыры Мұсабек Сеңгірбаевқа кіндік қаны тамған Бақанас ауылындағы (Алматы облысы, Балқаш ауданы) №1 Бақанас орта мектебіне атын беріп, лайықты құрмет жалғасын тапса деген бір топ соғыс және еңбек ардагерлері ұсынысымен жазылған &laquo;Балқаштан шыққан батыр&raquo; деген материалы жарық көрген еді.</p>

Батырдың есімі ұлықталды

Ұлыстың ұлы күні балқаш­тық­тар батыр жерлестері – №1 Бақанас орта мектебіне Мұсабек Сеңгірбаевтың есімі берілуі салтанатты шарасының куәсі болды. Елін жаудан қорғау жолын­да қаза тапқан Мұсабек Сеңгірбаев сынды ұлықты елдің рухты ерінің атын елге таныту, ғасырлардан ғасырларға жеткізу – ел алдындағы қасиетті парыз. Көпші­ліктің тілегі қабыл болып, 2019 жылдың 25 қаңтар күні Қазақстан Рес­пуб­ликасы  Үкіметінің «Алматы облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы» №17 қаулысы шықты. Атал­ған қаулыда Балқаш ауданы халқының бас басылымның мақаласында айтылған ұсы­ны­сы ескеріліп, Алматы облысы, Балқаш ауданы №1 Бақанас орта мектебін «Балқаш аудандық білім бөлімі­нің мектепке дейінгі шағын орталығы бар Мұсабек Сеңгір­ба­ев атындағы орта мектеп» мемле­кеттік коммуналдық меке­­месі деп атау көрсетілді. Осы қаулының күшіне енуіне бай­ла­нысты №1 Бақанас орта мектебінде Наурыз мерекесі күні мектепке батырдың аты берілу салтанатты шарасы өткізілді. Балқаш ауданының әкімі Ғалым Тоқпейісов, ба­тыр­дың туған немересі Төлеген Мұсабеков, генерал Панфи­ловтың немерелері – Алма­ты­дағы 28-панфилов­шы­­лар әскери-тарихи мұра­жайы­­ның директоры Алуа Байқада­мо­ва, қоғам қайраткері Айгүл Байқадамовалар салтанат­ты шарада ­өздерінің батыр есімі­нің ұлықталуына байла­нысты қуаныштарын жет­кізді. Жинал­ған қауым ел газеті «Egemen Qazaqstan» газетінің редакциясына осы шараның орындалуына бастама көтеріп, мұрындық болғаны үшін ризашылықтарын білдірді.

Талғат СҮЙІНБАЙ,

«Egemen Qazaqstan»

Бөлісу:
Батырдың есімі ұлықталды · Egemen Qazaqstan