Спорт
1 мин оқу 470
ЖХЛ: «Сарыарқа» жеңіске жетті
Жоғары хоккей лигасының (ЖХЛ) Петров кубогы жолындағы жарысының үшінші жартылай финалдық кездесуі де «Сарыарқаның» пайдасына шешілді.

Қарағандыда өткен бәсекеде
Санкт-Петербургтің «СКА-Нева» клубы қанша жанталасқанымен, айдын иелерінің осал
тұсын таба алмады. Бірінші кезеңде қос команда бір-бірін ала алмады. Үзілістен
кейін жерлестеріміз қатарынан үш мәрте қарсыластар қақпасын дәл көздеді. Бұл
голдардың авторлары – Олег Ломако (26 минут), Александр Ремов
(30 минут) және Максим Кицын (38 минут). Үшінші кезеңде
қонақтардың бір ғана шайба салуға шамасы жетті. Қорытыныды есеп – 3:1.
Осылайша, «Сарыарқа» Петров кубогының финалына шығуға шақ қалды. Бұған дейін Нева жағалауында өткен қос бәсекеде де біздің жігіттердің мерейі үстем болған. Төртінші кездесу 3 сәуірде Қарағандыда өтеді. Осы ойында жеңіске жетсек, онда ақтық сынға жолдама аламыз.
Ғалым СҮЛЕЙМЕН,
«Egemen Qazaqstan»
Бөлісу:
