Аймақтар
1 мин оқу 1,325
Аққулыға аққулар ұшып келді
Жуырда Аққулы ауданы маңайындағы шағын көлдерге жұп-жұппен алты аққу қоныпты. Олардың биыл жылдағыдан ертерек келгенін ауыл тұрғындары жақсы ырымға балайды.

Көлдер маңына көкқұтан, тырна сияқты құстар да ұшып келуде. Жергілікті халық құстардың көл бетінде бір-екі аптадай ғана жүретініне дейін жақсы біледі. Былтыр мамыр айында ақбас тырналар да ұшып келіпті. Сондықтан тұрғындар көл жағасына барып қызықтап, асыға жеткен құстардың келуін суретке түсіруде.
Ал аудан аумағындағы Сырөзек, Шарбақты сияқты шағын көлдерде аққулар ертеректе мекен еткен екен. Ауданның бұрынғы атауы Лебяже болса, былтырдан бері Елбасы қаулысымен тұрғындарды қуантып, Аққулы ауданы деп аталды.
Ғалым Қуат Сапаровтың айтуынша, Ертіс өзенінің суы молайып тасыған кезде Аққулы аулының жанындағы көлдер толып, аққулар ұшып-қонатын айдынға айналған деседі. Сондықтан алдағы уақытта «Ертістің Аққулы өңірі» деген ұғымды қалыптастыру қажет.
Павлодар облысы,
Аққулы ауылы
Бөлісу:
