Аймақтар
1 мин оқу 570

Елордада қар тазарту жұмыстары аяқталды

16 қарашадан бері қардың шамамен 3 млн текше метрі шығарылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Кеше қала көшелерін тазалауға 70 арнайы техника тартылды. «Астана Тазалық» ЖШС ақпараты бойынша өткен тәулікте қардың 110 текше метрі қала сыртына шығарылды. 2018 жылдың 14 қарашасынан 2019 жылдың 2 сәуіріне дейін 25568,5 текше метр құм-тұз аралас қоспа шашылды. 16 қарашадан бүгінге дейін қардың 2 256 985 текше метрі жиналды.

Бөлісу:
Елордада қар тазарту жұмыстары аяқталды · Egemen Qazaqstan