Экономика
1 мин оқу 1,090

Қызылорда облысынан мақсары май экспортталып жатыр

Қызылорда облысынан өткен жылы 70 тоннаға жуық мақсары майы экспортталды. Бұл туралы Kyzylorda-news.kz хабарлады.

Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру және өткізу нарығын кеңейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының дерегінше аймақта 2013 жылы экспортқа өнімнің 3 түрі ғана шығарылса, бүгінгі күнге оның саны 15-ке жеткен.

2018 жылы облыс мақсары майын экспорттауды бастап, 70 тоннаға жуық өнімін Қытайға жөнелтті. Осы жылы да экспорт көлемін ұлғайту бағытында жұмыстар атқарылуда.
Бөлісу:
Қызылорда облысынан мақсары май экспортталып жатыр · Egemen Qazaqstan