Спорт
1 мин оқу 616
Жерлестеріміз келесі кезеңге өтті
Венгрия астанасы Будапеште үстел теннисінен әлем чемпионаты басталды. Қазақстан спортшылары Денис Жолдуев пен Анастасия Лаврова жұбы алғашқы матчта Түрікменстан спортшыларын 3:0 есебімен ұтты.

Алайда, екінші айналымда Люксембург командасына есе жіберді. Сондай-ақ команда үздіктері Кирилл Герасименко мен Зәуреш Ақашева алғаш рет жұптық сында өнер көрсетіп, уэльстік қарсыластарынан 3:2 есебімен басым түсті. Әйткенмен екінші кездесуде Польша спортшыларынан жеңіліс тапты.
Жекелей сында Тимур Келбұғанов, Денис Жолдуев, Зәуреш Ақашева мен Анастасия Лаврова келесі кезеңге өтті. Өкінішке қарай Гулчехра Хусейнова мен Бекұлан Жамал үшін әлем чемпионаты аяқталды.
Алмас МАНАП,
«Egemen Qazaqstan»
«Egemen Qazaqstan»
Бөлісу:
