Спорт
1 мин оқу 720
Хоккейден әлем чемпионатын «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
Бұл туралы «Қазақстан» РТРК АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл ел тарихында айтулы оқиға орын алмақ. Хоккейден әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы «А» тобының матчтары Қазақстанның Нұр-сұлтан қаласында өтеді. Бас қаладағы байрақты бәсекені «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Алғашқы кездесу 29 сәуірде Қазақстан мен Словения құрамасы арасында өтеді. Әлем чемпионаты мамырдың 5-іне дейін жалғасады.
Бөлісу:

