Президент
1 мин оқу 1,110
Елбасы актер Джеки Чанның әлемдік кинематографиядағы рөлін атап өтті
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі актер Джеки Чанмен кездесті. Кездесуге, сондай-ақ, әйгілі Қытай актерінің әріптестері мен шығармашылық ұжымының мүшелері қатысты.

Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Джеки Чанның әлемдік кинематографиядағы маңызды рөлін атап өтті.
– Өзіңіздей танымал тұлғамен жүздескеніме қуаныштымын. Сізді бүкіл әлем біледі, – деді Елбасы.
Қытай актері алдағы шығармашылық жоспары және киноиндустрия саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру жолдары туралы ой бөлісті.
Бөлісу:
