Аймақтар
1 мин оқу 930

Шымкент қаласының әкімі тұрғындарды қабылдады

Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Шымкент қаласының әкімі тұрғындарды қабылдады

Қала әкімімен кездесуге келген тұрғындар ішкі орам жолдарды орташа жөндеу, қоғамдық көлік пен әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өз өтініштерін жеткізді.

Жеке қабылдауға келген әрбір азаматтың өтінішін тыңдаған қала әкімі Ғ.Әбдірахымов мәселелерді шешу жолдарын түсіндіріп, әр мәселеге байланысты жауапты сала басшыларына тиісті шараларды дер кезінде қабылдау туралы тапсырма берді.

Бөлісу:
Шымкент қаласының әкімі тұрғындарды қабылдады · Egemen Qazaqstan