Спорт
1 мин оқу 1,210
Степан Астафьев Ресейдегі велотурда үшінші орынды иеленді
Қазақстандық велошабандоз Степан Астафьев «Пяти колец Москвы» турының екінші кезеңінде үздіктер қатарына енді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Ол мәре сызығын үшінші болып кескен. Бірінші орынды ресейлік Глеб Кугаевский иеленсе, екінші сатыда «Минск» клубының өкілі Евгений Соболь болды.
Айта кетелік, «Пять колец Москвы» туры Ресей астанасында 1920 жылдан бері өткізіліп келеді. 1993 жылдан бастар турнир халықаралық деңгейде ұйымдастырыла бастады.
Бөлісу:
