Әжемнің әйбат мектебі
Жиеннен туған жиеншар Данияр қазір соқталдай азамат. Облыс орталығындағы университеттің филология факультетін биыл бітіреді. Сабағын жақсы оқиды. Түгел сөздің түбін толайым ақтармаса да, әйтеуір білмекке құмар. Әңгіменің ауаны Даниярға ауғанда нағашыларына тартқан деп мұртымыз көкке шаншылып, күпініп отырамыз. Өткен демалыс күні елге жол түскен. Данияр алдымен ұлы нағашы әжесіне сәлем берді. Әжесі қуанып қалды.

Университеттің филология факультетін биыл тәмамдайтын Данияр қазан шегелеудің, көгентүптің не екендігін біле қоймайды екен. Кейуана түсіндіріп жатыр.
Түстеніп, шаруамызды бітірген соң кейін қайтқанбыз. Бақандай университет білімін бойына сіңірген Данияр өзінің олқы тұсын енді аңдап, әжесінің әдемі әлеміне әлі де тәнті болып келеді.
– Ең үлкен білім ауылда екен ғой, – дейді ол, – осы жаз әдейі келіп оқымасам.
