Экономика
1 мин оқу 1,680
Көп балалы отбасыларға салық жеңілдіктері енгізіледі
2020 жылдан бастап көп балалы отбасының ата-аналарының біріне әрбір ай сайын 23-АЕК, отбасының әрбір ата-анасы үшін 12 АЕК көлемінде салықтық жеңілдік жасалады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Соған сәйкес бір жылда көп балалы отбасыларға 282-АЕК-ден аспайтын мөлшерде салық шегерімдері қарастырылған. Салықтық шегерімдерге ие болу үшін көп балалы отбасылар туу туралы куәліктерінің көшірмесін тиісті мекемеге өткізуі қажет. Сондай-ақ жеңілдікке ие болу үшін салық агентіне өтініш жазу керек.
Бөлісу:
