Спорт
1 мин оқу 990

Батыр Жүкембаев қарсыласын нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық Луис Хесус Видалеспен (13-6, 6КО) жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Батыр Жүкембаев қарсыласын нокаутпен жеңді

Жартылай орта салмақтағы 10 раундтық жекпе-жек Канаданың Монреаль қаласындағы Montreal Casino ойын-сауық кешенінде өтті. Кездесудің бірінші раундында Батыр Жүкембаев қарсыласы Луис Хесус Видалесті техникалық нокаутқа түсіріп, кезекті жеңісіне қол жеткізді. 

 «Котто» лақап атымен белгілі мексикалық Луис Хесус Видалес 30 жаста. Ол 2011 жылдан бері кәсіпқой бокста. Бір кездесуден басқасының бәрін Мексикада өткізген. Жүкембаев соңғы айқасын дәл осы Монреаль қаласында өткізіп, мексикалық Хильберто Месаны (10-5-1, 6 КО) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді.

Бөлісу:
Батыр Жүкембаев қарсыласын нокаутпен жеңді · Egemen Qazaqstan