Президент
1 мин оқу 251

Телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қырғызстан Президенті Соорон­бай Жээнбеков Арыс қаласындағы жарылыс­тар­дан қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, жарақат алғандарға қолдау білдірді.  

Көрші мемлекеттің басшысы кісі өлімі мен ауқымды зардап әкелген төтенше жағдайға Қырғызстан шынайы жанашырлықпен қарайтынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээн­бе­ковке және бауырлас қырғыз халқына риза­шылығын білдіріп, алғыс айтты.  

Бөлісу: