Спорт
1 мин оқу 250
Универсиада-2019: Михаил Литвин 400 метрге жүгіруден финалға өтті
Неапольда өтіп жатқан Универсиада ойындарында 400 метрге жүгіруден ерлер арасындағы жарыстың жартылай финалы аяқталды. Қазақстандық Михаил Литвин финалға жолдама алды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Литвин өз тобында мәреге бірінші болып келіп, жалпы есепте екінші орыннан көрінді. Ол аталған қашықтықты 45.84 секундта жүгіріп өткен. Әзірге бірінші орында мексикалық Валенте Мендос тұр. Оның уақыт көрсеткіші – 45.75.
Финалдық сын бүгін өтеді.
Бөлісу:
