Экономика
1 мин оқу 1,154

Әлемдік мұнай бағасы қымбаттады

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлемдік мұнай бағасы қымбаттады

Лондондағы ICE Futures биржасында қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,19 долларға қымбаттап, 67 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) тамыз айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай құны 0,01 долларға көтеріліп, бір баррелі 60,21 доллар болды.

Бөлісу:
Әлемдік мұнай бағасы қымбаттады · Egemen Qazaqstan