Спорт
1 мин оқу 313

Саматбек Ізімғали алтын жүлдегер атанды

<p class="2018-"><span style="letter-spacing: -.1pt;">Болгарияның София қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионатында қазақстандық Саматбек Ізімғали алтын жүлдегер атанды.</span></p>

Саматбек Ізімғали алтын жүлдегер атанды

45 кило салмақта белдескен жас балуан барлық қарсыласынан басым түсті. Финалда Саматбек өзбекстандық қарсыласын 4:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді.

Бұл – әлем чемпионатындағы Қазақстан­ның үшінші медалі. Бұған дейін Ербол Қама­лиев 48 килоға дейінгі салмақ дәрежесін­де қола жүлдегер атанса, 80 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде Мақсат Сайлау үздік үштіктен көрінді.

Бөлісу:
Саматбек Ізімғали алтын жүлдегер атанды · Egemen Qazaqstan