Аймақтар
1 мин оқу 310

Ауғанстанның алуан айшықты әлемі

<p style="text-align: justify;">Жуырда Орталық мұражайға бас сұғып тағдыры қатпарлы Ауған елінің тарихынан хабар беретін айрықша көрме-жәрмеңкесін тамашалаудың сәті түсті. Көрерменнің ықыласына бөленген айтулы көрмені Алматыдағы Ауғанстан Ислам Республикасының Сауда атташесі, Ауғанстанның Сауда және индустрия министрлігі және Іскер әйелдер қауымдастығы бірлесе ұйымдастырған.</p>

Ауғанстанның алуан айшықты әлемі

Ауған елі ежелден қолөнер шеберлерімен ерекше­ленеді. Аталмыш көрмеге Ауған­стан­ның таңдаулы қолөнер шебер­лерінің қолынан шыққан үздік бұйымдар ұсынылды.  Олардың сапынан ағаш ою, жиһазды әрлеу өнері, гравюрамен безен­діру, металл құмыралар, зер­гер­лік әшекейлер секілді өнер туын­дыларын кез­дес­тірдік. Әр бұйымның өзіне тән тылсымы бардай. Әсіресе мыс және қоладан соғылған ыдыс-аяқтар мен арнайы тұрмыстық рәсім­дерге арналған бұйымдар таң­ғалдырмай тұрмайды.

Көрмеде ауған елінің 30 іскер компаниясы жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша өз өнімдерін ұсы­ныпты. Атап айтқанда,  қол­дан то­қыл­ған әйгілі ауған кілем­дері, деко­ра­тивті кестелер, киім-кешек, мата­лар, кера­ми­­калық бұйым­дар, жібек кілемдерге сән берген әр­түр­лі гео­­метриялық көгеріс өр­нек­тер сол халықтың тари­хы­нан сыр шер­тіп тұрғандай әсер­ге қал­­дыра­­ды.

– Танымы сан алуан түрлі халықтардың дәстүрін бір-біріне жақындастыра түсетін мұндай көрмелер музей қабырғасында жиі ұйымдастырылып тұрады. Бүгінгі көрменің басты ерек­шелігі – тағдыр жолында талай қиындықты басынан өткерсе де мойымаған ауған елінің қай­сар­лық келбеті өнер арқылы дәріп­телді. Ән мен жырға, дәстүр мен мұраға бай ауған халқы ежелден өнерлі жұрт. Қазақ көрермендері көрмені жылы қабылдады, – дейді Орталық музейдің баспасөз хатшысы Сұлушаш Ағелеуова.

Расында да ауған әуездері көрмеге келген көрерменге самал боп есіп, көңі­лімізді тебірентіп тұрды.

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ

АЛМАТЫ

 

Бөлісу:
Ауғанстанның алуан айшықты әлемі · Egemen Qazaqstan