Аймақтар
2 мин оқу 360

Ажалға араша түскен азамат

<p style="text-align: justify;">Бейбіт күннің батырлары туралы қанша айтсаң да артық емес. Таяуда Шортанды ауданының тұрғыны Денис Сытник суға батып бара жатқан бір бозбаланы ажалдан арашалап қалды.</p>

Ажалға араша түскен азамат

Оқиға Мықтыкөл көлінде болған. Өз басын қатерге тігіп, тілсіз жаумен арпалысқан аза­маттың ерлігі елеусіз қалған жоқ. Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшысының алғыс хатымен марапатталды.

Облыста ұзын-ырғасы 750-ге жуық өзен-көлдер мен су қоймалары бар. Олардың басым бөлігінде шомылуға тыйым салынған. Мықтыкөл де осындай тыйым салынған көлдер­дің қатарында. Дегенмен қара қар­ғаның миы қайнайтын ыстықта көлге шомылушылардың қатары аз емес. Денис Сытник суға батып бара жатқан бозбаланы байқап қалған. Көп ойланбастан, батып бара жатқан азаматты құтқарып, алғаш­қы көмек көрсеткен. Қазіргі уа­қыт­та ажал­дан аман қалған Ела­ман Болта­бектің жағдайы жақсы.

– Күн ыстық болған соң суға түсу­ге барып едім. Жағалаудағы адам­­дардың жанұшыра айғайлап тұр­ғанын естідім. Қарасам, біреу суға батып бара жатыр екен. Әлгі кісіні әрең дегенде су түбінен тауып, қарманып жағаға жетеледім. Сәтін салғанда медицина қыз­мет­керлерінің жолыға кеткені.  Әйтеуір көретін жарығы бар екен, аман қалды. Мен өз әрекетімді ерлік деп есептемеймін, – дейді Денис Сытник.

Биыл облыста 26 адамның суға кеткендігін айта кетелік. Өткен жылмен салыстырғанда 7 адамға көп. Бір айта кетерлігі, оқыс оқиғаның көпшілігі шомы­луға  рұқсат етілмеген өзен-көл­дерде болған.

– Рұқсат етілмеген аймақтар­дағы төтенше жағдайлардың алдын-алу мақсатында шомылу науқаны басталғалы 1400-ге жуық рейд жүргіздік. Ере­желерді бұзған 390 адам әкім­­ші­лік жазаға тартылды. Сон­дай-ақ 25 мың адамды қамты­ған интерактивті жұмыс­тар жүр­гізілді, – дейді об­лыст­ық Төтен­ше жағдайлар жө­нін­дегі де­партаменті жасағы­ның бастығы Асхат Әкелжанов.

Маусым басталғалы құтқару­шылар 92 адамды ажал аузынан аман алып қалған. Олардың 21-і кәмелетке толмағандар.

Ақмола облысы

Бөлісу: