Аймақтар
1 мин оқу 260

Арысқа гуманитарлық көмек ретiнде 20 тонна ұн жiберiлдi

<p>Апатқа ұшыраған Арыс қаласының тұрғындарына жанашырлық &nbsp;жасауда Атбасар және Сандықтау аудандарындағы &laquo;Вайнах&raquo; этномәдени орталығының мүшелерi белсенділік танытуда.</p>

Арысқа гуманитарлық көмек ретiнде 20 тонна ұн жiберiлдi

Қоғамдық ұйым мүшелері қайырымдылық қорының есебiне үш миллионнан астам теңге аударды. Сондай-ақ, гуманитарлық көмек ретiнде 20 тонна ұн жiберiлдi. Бұл өнімдер Атбасардағы А.Кукаев, М.Дзейтов және Д.Асаев басқаратын ұн тарту кәсiпорындарында шығарылған.

– Бiздiң диаспора отандастарымызға қиын уақытта қолдау көрсетуді өздерінің басты парызы санайды,–дедi Атбасар және Сандықтау аудандарының шешен-ингуш этномәдени орталығының жетекшiсi Дин-Магомед Асаев.

Бүгiн Түркiстан облысына жiберiлген ұнды тиеу жұмыстары жүзеге асырылды. Iс-шараға Атбасар ауданының әкiмi Аманбек Қалжанов қатысып, «Вайнах» этномәдени бірлестігінің барлық мүшелеріне алғысын білдірді.

Бөлісу: